Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теннис: Александр Бублик Гонконгтағы турнирге қатысады

Кеше, 16:48
408
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтетін ATP-250 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sportarena.kz дерегіне сәйкес, Бублик турнирде екінші нөмірмен тіркелген.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жарысты нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп пен іріктеу кезеңінен өткен теннисшінің арасындағы матчтың жеңімпазына қарсы ойнаудан бастайды.

Турнир 5 қаңтарда басталады және Australian Open қарсаңындағы дайындық жарысы саналады. 2025 жылғы маусымда Александр Бублик төрт бірдей титул жеңіп алған. Ол Қытайдың Ханчжоу қаласында, Аустрияның Китцбюэль қаласында өткен ATP-250 турнирлерінде, сондай-ақ Швейцарияда өткен Гштаад турнирінде жеңіске жеткен.

Сонымен қатар Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP-500 санатындағы турнирдің де жеңімпазы атанған.

Өзгелердің жаңалығы