"Теңгемен өлшенбеуі керек". Бәпи БҰҰ миссияларының маңызы туралы айтты

19 Қаңтар 2024, 12:21
639
Бөлісу:
"Теңгемен өлшенбеуі керек". Бәпи БҰҰ миссияларының маңызы туралы айтты
Фото: Арман Мухатов

Қазақстанға БҰҰ-ның артып отырға сенімін теңгемен бағаламау керек. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Ермұрат Бәпи айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысуға әскер жібереді. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәжіліс отырысында осылай деп мәлім еткен еді.

Мен мұның нақты санын тиынына дейін айта алмаймын. Менің білуімше, 7 миллиард теңгенің көлемінде қаржы бөлінген. Бұл - тұтас миссияға арналған қаражат. Бітімгерлерді Таяу Шығысқа жеткізу - үлкен шығын. Олардың әскери техникасы ұшақпен жеткізілуі керек. Сондықтан әскерді жеткізу шығыны Қазақстанның мойнында. Кейін ротация жұмыстары болады, одан кейін тағы да әскер барады, оның да шығыны бар. Бұл шығын - қазіргі жағдайда Қазақстан үшін, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі Ресейдің ықпалынан шығып, өз алдына тәуелсіз саясат құрып жатқанын көрсетеді. БҰҰ ұйымы сеніп артып отырған миссияның құны біз үшін теңгенмен емес, басқа бір құндылықтармен бағалануы керек деп ойлаймын, - деді Ермұрат Бәпи.

Өзгелердің жаңалығы