Теміржолшылар жаңа жүйе бойынша жалақы алады

6 Тамыз 2022, 05:15
1103
Бөлісу:
Теміржолшылар жаңа жүйе бойынша жалақы алады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олар тіпті бір облыс шегінде де әр түрлі болады (бір облыста 4 коэффициентке дейін).

Осылайша бір өңірде қатар орналасқан кәсіпорындар мөлшері бойынша әр түрлі жалақы алып келді, бұл коэффициенті анағұрлым төмен еңбек ұжымдары тарапынан наразылық тудырды. 

2021 жылы ҚТЖ коэффициенттерді теңестіру бойынша жұмыстарға кірісті, және де осы жылдың 30 маусымында Компания басқармасымен коэффициенттің учаскелік түрінен облыстық түрінекөшу туралы шешім қабылданды.   

ҚТЖ жалақы төлеудің жаңа жүйесін 2022 жылғы 15 қазанда енгізеді. Бұл өзгеріс бір облыс аумағындағы төмен коэффициент бойынша жалақы алатын 68 мыңға жуық жұмысшыға қатысты болмақ.

Өзгелердің жаңалығы