Теміртауда 8-шағынауданды жылумен қамтамасыз ететін жылу магистралінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Апат жөндеу жүргізілмеген учаскеде болған. Соңғы 2 жыл бойы магистраль кезең-кезеңімен қалпына келтірілгенімен, құбырдың қалған 100 метрін жөндеу тек биылға жоспарланған еді.
Ақау дәл осы әзірге жөнделмеген учаскеде анықталды, – деп мәлімдеді әкімдікте.
Қазіргі уақытта оқиға орнында апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатыр, зақымданған құбыр бөлігі ауыстырылуда.
Жарылыс салдарынан 39 тұрғын үй жылусыз қалды.
Бұған дейін Теміртауда ең суық кезеңде бірнеше шағынаудан жылу мен ыстық сусыз қалғаны хабарланған болатын. Ол кезде себеп 1970-жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген ескі жылу магистралінің зақымдануы болған.
Бұған дейін қатты аяз кезінде Теміртау тұрғындары жылусыз қалған еді.