Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Теміртау қаласында Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында «Жаңа Қазақстан: жаңа келбет» атты кездесу өтті.
Қарағанды индустриялық университетінің базасында онлайн форматта өткен шараға: қалалық мәслихат депутаттары, магистранттар, студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, жоғары оқу орындарының студенттік белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Біз өскелең ұрпақтың болашағы үшін алдағы жаңа бастамаларға дайын болу керекпіз. Еліміз үшін референдум маңызды қадам. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ата заңға енгізгелі отырған өзгерістері мен толықтырулары жаңа тарихтың бастауы болмақ. Бұл жаңа Қазақстанның алға деген айқын мақсаты мен халықпен үндестігін көрсететін мәртебелі кезең. Осы шешуші сәтте баршамыз жұдырықтай жұмылып, бірлігімізді көрсету керекпіз, - деді Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы.
Шарада Теміртау қалалық маслихатының хатшысы Ломакин Алексей, ҚарИУ университетінің «Қазақстан тарихы» кафердрасының меңгерушісі Мағира Сұлтанқызы, қалалық маслихат депутаты Сәуле Жанатқызы, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Мейрамқызы және «Аманат» партиясының Теміртау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Владимир Быков референдум туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар Ата заңымызға енетін өзгерістер мен жастардың референдумды қолдау жолында жасап жатқан жұмыстарын талқылады.
Осы ретте Қарағанды индустриялық университетінің 2 курс студенті, студенттік парламенттің президенті-жаңа Қазақстаның болашақ жастарының атынан референдум туралы пікірін білдірді.
Менің ойымша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев- жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Президенттің биылғы Жолдауы барысында университетімізде көптеген шара өтті. Олардың қатарында студенттеріміздің шешендік қасиетін арттыратын дебат ойындары мен жастарды шымырлыққа үйрететін спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылды. Шынында да жастық шақ- жалындаған жас қауымның жүрегінде туындаған талай идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тамаша кезең. Менің ойымша алдағы уақытта жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау- мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналуы тиіс, - деді Тілеубек Арайлым
Жиын соңында, Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы бұл ауқымды іске студентермен бірге атсалысатынын білдіріп, университет үшін алдағы уақытта референдумды қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылатынын айта кетті.