Енді қалада 5 емхана жұмыс істейтін болады, оның 2-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі қабатты ғимарат екінші шағын ауданның орталығында орналасқан және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда 20 мың адам тіркеле алады.
Сондай-ақ жақын арада қалалық стационарды көпсалалы аурухана ретінде жаңғырту жоспарлануда. Мұнда инсульт орталығы, миокард инфарктісі бөлімшесі, хирургия және травматология орталығы ашылады. Бұл Теміртау және жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына облыс орталығына бармай, барлық қажетті көмекті жақын жерден алуларына мүмкіндік береді, деп жазды облыс басшысы Жеңіс Қасымбек.
Теміртауда спортпен шұғылдануға арналған жаңа «Одиссей» мәдени-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда заманауи тренажёр залы жабдықталып, түрлі фитнес-бағыттар ұсынылған, сонымен қатар кәсіби жаттықтырушылар жұмыс істейді.