Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теміртауда мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану мәселелері талқыланды

30 Қараша 2025, 21:49
528
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының Теміртау қаласында Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелеріне арналған семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шара барысында Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі, оларды құрметтеудің маңызы, сондай-ақ қазақ геральдикасының өзіндік ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, рәміздерді насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыс пен алдағы жоспарларды талқылады.

Өзгелердің жаңалығы