Теміртауда мектеп оқушысы есірткімен ұсталды

27 Сәуір 2022, 00:19
1621
Бөлісу:
Теміртауда мектеп оқушысы есірткімен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресми мәліметке сәйкес, 17 жастағы теміртаулық 15 сәуірде ұсталды. Жас жігіт синтетикалық есірткі тығып жүрген. Тінту кезінде тығып үлгермеген «скорocть» деген есірткі затының 40 түйіні табылды.

Теміртау қаласында синтетикалық есірткіні тығумен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 жастағы теміртаулық 15 сәуірде ұсталды. Жас жігіт синтетикалық есірткі тығып жүрген. Тінту кезінде тығып үлгермеген «скорocть» деген есірткі затының 40 түйіні табылды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Есірткі заттарын тасымалдау әрекеті оны өткізу ретінде сараланады және ол үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, – дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі заттарын сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды есірткі сатуға тарту фактілері анықталса, 42-92-92 сенім телефонына хабарлауға кеңес берді. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталады.

Сондай-ақ жазу, сурет салу немесе басқа да тәсілдермен есірткі заттарын жарнамалап, насихаттауға Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген және осы заңсыз әрекеттерді жасағандарға 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы