Темір жолдағы апат: Атырауда 6 пойыз тоқтап қалды

Бүгiн, 17:05
269
Бөлісу:
Темір жолдағы апат: Атырауда 6 пойыз тоқтап қалды
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының хабарлауынша, «Тендік» станциясында теміржол өткеліндегі оқиғаға байланысты алты жолаушылар пойызы кешігеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№313 «Атырау – Маңғыстау»;

№314 «Маңғыстау – Атырау»;

№42 «Алматы – Атырау»;

№41 «Атырау – Алматы»;

№123 «Волгоград – Ташкент»;

№691 «Атырау – Ақтөбе».

Атырау қаласы әкімдігі жолаушыларға арнап Атырау станциясынан Қаработан станциясына дейін және кері бағытта арнайы автобустар шығарды.

Қазіргі уақытта Теңдік станциясында қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Қозғалысты тезірек қалыпқа келтіру мақсатында арнайы пойыз жөнелтілді.

Өзгелердің жаңалығы