Темір жол және автокөлікте вирустың таралуына жол бермеу шаралары өткізілді

13 Наурыз 2020, 17:16
1578
Бөлісу:
Темір жол және автокөлікте вирустың таралуына жол бермеу шаралары өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СЭС мамандары ТЖ вокзалдары қызметкерлерімен бірге профилактикалық іс-шаралар өткізді, оның барысында коронавирус СOVID-19 ауруының негізгі белгілері түсіндірілді, бұл бас ауруы, тұмау, кеуде ауруы, безгек, жоғары температура, жедел жүрек соғуы және жиі тыныс алу. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, дереу Денсаулық сақтау министрлігі жанында ұйымдастырылған cаll-орталығына жүгіну қажет(1406, +7 7172 76 80 43).
Қазіргі уақытта вокзал қызметкерлері қажетті сақтық шараларын сақтауда: тыныс алу органдарын қорғау құралдарын (маскаларды) пайдалану және қолды тұрақты негізде дезинфекциялау. Елорда вокзалдарының ғимараттарында орнатылған LED экрандарда тақырыптық роликтер көрсетілуде және дезинфекциялау құралдары бар диспенсерлерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы