Қайғылы оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының “Шамалған-Ақсенгір” станциясының аралығында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде теміржол бойында адамның мәйіті жатқандығы жайлы бейнежазба тараған еді.
Аталған жағдайға қатысты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды,- деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.