Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Темір ханым, шынайылық, отбасы: Әлеуметтік желі жұлдызына айналған подполковник туралы не білеміз?

Олжас АДАЙ
13 Тамыз 2025, 18:00
1208
Бөлісу:
 Лейла Саидованың жеке мұрағатынан
PHOTO
Фото: Лейла Саидованың жеке мұрағатынан

Ақтаулық подполковник Лейла Саидова бір-ақ күнде желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен аптада бірнеше сағаттың ішінде-ақ оның бейнесі әлеуметтік желілерде таралып, жұрт назарын аударды. Сабырлылығы мен ұстамдылығы, жағдайға байсалды қарауы көпшілікке ұнап, оған "ең сұлу полиция қызметкері", "қазақстандық Моника Беллуччи" деген атақтар берілді. BAQ.KZ тілшісі Лейла ханымнан осы жағдай жөнінде сұрап білді.

Темір ханым, шынайылық, отбасы: Әлеуметтік желі жұлдызына айналған подполковник туралы не білеміз?
Фото: коллаж BAQ.KZ

41 жастағы Лейла Саидова полицияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы штабының аға инспекторы. Бұл мамандықты ол бала күнінен армандап, заңға қызмет етуді саналы түрде таңдаған.

Темір ханым, шынайылық, отбасы: Әлеуметтік желі жұлдызына айналған подполковник туралы не білеміз?
Фото: Лейла Саидованың жеке мұрағатынан

Адалдық пен әділдік – біздің қызметте ең басты қасиеттер. Онсыз бұл жұмыста істеу мүмкін емес, – дейді ол.

Лейла ханым үшін әлеуметтік желідегі дүрбелең тосын жағдай болған.

Мен жанжалдан қашатын адаммын. Мұндай сәттер уақытша ғана. Ең бастысы – ұсақ-түйекке мән бермеу, – дейді ол.

Темір ханым, шынайылық, отбасы: Әлеуметтік желі жұлдызына айналған подполковник туралы не білеміз?
Фото: Лейла Саидованың жеке мұрағатынан

Сабырлы болуына – жылдар бойы жинаған тәжірибе мен ішкі беріктігі себеп.

Шынымды айтсам, қызметте жүріп мұндай жайтқа алғаш рет тап болдым. Әрине, қоғам тарапынан ұсақ-түйек ескертулер болып тұрады. Бірақ кез келген жағдайда жауапкершілікті сезініп, эмоцияға берілмей, мәселені шешуге тырысамын, – дейді ол.

Подполковник Саидова жұмысын әсірелемей, шынайы бағалайды.

Бұл қызметтің де артықшылықтары бар – қоғамның қауіпсіздігі үшін жауап беру, және қиындықтары бар – қауіп-қатер, психологиялық жүк, қоғамның сыны, – дейді ол.

Лейла ханым кейде бәрін тастап кеткісі келген сәттер болғанын жасырмайды.

Мұндай сезім әр қызметкерде болады. Әр жұмыстың қиындығы ба, – дейді ол.

Достары оны "темір ханым" деп атайды, ол мұны жоққа шығармайды.

Полициядағы әйел мықты мінезді, төзімді, әділ болуы керек, – дейді подполковник.

Басты тірек – отбасы

Жұмыстан тыс уақытта Лейла Саидова күш-қуатты отбасынан алады. Ұлы мен күйеуі – оның ең сенімді тірегі, шабыт беретін жандары. Сирек кездесетін бірге өткізген сәттерін ол ең қымбат естелік деп бағалайды.

Танымал болуға құлықсыз

Темір ханым, шынайылық, отбасы: Әлеуметтік желі жұлдызына айналған подполковник туралы не білеміз?
Фото: Лейла Саидованың жеке мұрағатынан

Бейнежазба тарағаннан кейін Лейла көпшіліктің назарына ілікті. Біреулер оның кәсіби шеберлігін, енді бірі сыртқы сұлулығын, ал үшіншісі сериалдағыдай кейіпкер бейнесін көрді. Алайда ол бұл атақ-даңққа риза емес.

Мен ондай назарды қаламаймын. Медиялық адам емеспін, ондайды армандаған да жоқпын. Журналистер тым көбейіп кетті, сұрақтардан шатасып кеттім. WhatsApp-та мыңдаған хабарлама тұр. Шаршадым. Осы жерден тоқтайық, – дейді ол.

Ең басты жетістік не?

Мен үшін ең үлкен жетістік – марапат та, шен де емес. Бүгінгі өз бейнем – менің басты жетістігім, – дейді Лейла Саидова.

Өзгелердің жаңалығы