Темекі шегуден біртіндеп бас тарту үшін не істеу керек? Мамандар пікірі

12 Мамыр 2023, 11:20
1620
Бөлісу:
Темекі шегуден біртіндеп бас тарту үшін не істеу керек? Мамандар пікірі

«Шылым шегуге қарсы күрес қалағандай нәтиже бермейді» халықаралық сарапшылар беделді ТАСС агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондықтан дамыған елдердің көбі никотин әдетінен бас тарта алмайтындарға денсаулыққа қаупі аз электронды темекіге жүгінуді ұсынып келеді.

Зиянды азайту саясаты кейінгі уақытта көп айтылып келеді, осы тенденцияның және зияны аз балама темекіге қолдау білдірудің арқасында биыл әлемде «темекі түтінінен таза» алғашқы ел пайда болуы ғажап емес. Бұл ел – Швеция. Мұнда тұрғындардың 5,6 пайызы ғана шылым шегеді, ал елді «түтінсіз» деп тану үшін, ДДСҰ көрсеткішіне сәйкес, 5 пайызға төмендету керек.

Зиянды азайту ұстанымының маңызы туралы ТАСС ақпарат агенттігінің «Ресейде өмір салтын түзетуде тәуекелге бағытталған тәсілді енгізу: заманауи профилактика, терапия және өмір салтын түзетуде емдеудің қолжетімділігі» сараптамалық талқылауы барысында да айтылды.

Темекіге қарсы науқан – темекі шегетіндермен күрес қана емес, сондай-ақ темекіні тұтынуды азайту тақырыбын да қамтуы тиіс. Егер біз темекі шегушілерді осы науқанның нысаны етсек, онда олар жай ғана жасырынуды жөн көреді. Олар мемлекетке сенбейді. Біз мүмкіндігінше көмектесуіміз керек. Екінші мәселе – еңбекке қабілетті ерлер өлімінің жоғары деңгейі. Олар дәрігерге бармайды, жоғары қауіп факторларына және саулығына назар аудармайды. Бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет, - деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы Айрат Фаррахов.

Ал Тәуекелдерді модификациялау жөніндегі медицина мамандары қауымдастығының директоры Александр Розановтың айтуынша, салауатты өмір салтын үгіттеу бойынша кешенді шаралар қажет. Бұл жұмыстағы ең маңыздысы - процестің барлық қатысушысына денсаулық тұрғысынан пайдалы болатыны.

Бұл мемлекетке де пайдалы болуы керек, өйткені біз салауатты өмір салтын - тамақтану, физикалық белсенділік, темекі шегу мен алкогольге тәуелділікпен күресу туралы айтатын болсақ, бұл экономикалық аспектілер. Біздің қауымдастық, айталық, реалист дәрігерлердің басын қосады. Біз жүйелі тәсілді ұстанамыз, әлемдік бай тәжірибеде осындай тәсілдің мысалдарын іздейміз және тәуекелдерді өзгерту тек ғылыми негізделген, бірақ догматикалық емес, пациентке әсер етудің жеткілікті икемді әдістерін қолдануды көздейді деп санаймыз, - деп атап өтті Александр Розанов.

Сарапшылар темекі шегушілердің өзіне «тыйым салудан» гөрі темекі шегушілерге зиянды азайтуға ұмтылуды жақтады. Тыйым салу шаралары – ересек адамның таңдау құқығынан айыру. Темекі шегушілерге тыйым салудың орнына, зиянды азайту мүмкіндіктері туралы хабарлау керек және егер олар темекіні тастағысы келмесе, түтінсіз баламаларға көшуге ынталандыру керек.

Мұнда Англияның мысалын келтіре кетуге болады. Бұл елде денсаулық сақтау саласындағылар темекі шегетіндерге темекімен күрестің жаңа жоспары аясында зиян әдеттен бас тартуы үшін тегін вейп бөлуді ұйғарған. Англияның денсаулық сақтау министрі Нил О'Брайен бұл саясат тыйым салудан гөрі «тұрғындарға темекіні тастауға көмектесуге» бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық «Денсаулық» зиянды азайту ұлттық қауымдастығының сарапшылары да зиянды азайту тек темекі шегуге қарсы күресте ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себебі болып отырған жұқпалы емес аурулардың даму қаупін азайтуда тиімді екенін бірнеше рет атап өткен.

Зиянды азайту тұжырымдамасы – темекі шегуден бас тартқан кезде денсаулыққа қауіп төндірмейтін баламаға көшуді ұсынатын заманауи шешімдердің бірі. Яғни темекіні түтінсіз әрі қыздыру процесі жоқ баламаға алмастыру. Нәтижесінде темекі шегушінің ағзасына зиян заттардың әсері азаяды, бұл темекі шегуден біртіндеп бас тартуға әкеледі, - дейді «Денсаулық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары, дәрігер Гинтаутас-Юозас Кентра.

Өзгелердің жаңалығы