Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та NBC телеарнасы дикторының ұлы тікелей эфирде бағдарлама жүргізіп отырған сәтте қасына жетіп келді.
Аталмыш видео YouTube-те жарияланды.
Кортни Кьюб есімді тележүргізуші тікелей эфир кезінде түрік әскері Сирияға шабуыл жасағаны туралы айтып жатқан кезде оның ұлы студияға кіріп келіп, анасын құшақтап алған.
Өз кезегінде ыңғайсызданған әйел күлімсіреп, «Кешіріңіздер, менің балам осында» деп айтты.
Кейіннен кадрлар өзгеріп, Таяу шығыс өңірінің картасын көрсетті. Артынша, диктор пайда болып, өз жұмысын жалғастырды.