Телевизиялық пікірсайысты өткізу уақыты белгілі болды

8 Қараша 2022, 11:30
1126
Бөлісу:
Телевизиялық пікірсайысты өткізу уақыты белгілі болды
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының 24 отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлауалды телевизиялық пікірсайыстарды өткізу күні белгіленген болатын. Сайлауалды телевизиялық пікірсайыс 11 қарашада "Хабар" телеарнасының эфирінде өтеді.

Бүгінде "Хабар" телеарнасы сайлау алдындағы пікірсайыс регламентін әзірледі. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Пікірсайыс 4 раунд бойынша өткізіледі. Әр раундта кандидаттар өз бағдарламалары бойынша баяндама жасап, қарсылас сұрағына, сайлаушылар сұрақтарына жауап береді. Пікірсайыс 11 қараша күні 20:00 де тікелей эфирде өткізіледі,-деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Анастасия Геннадиевна.

Сондай-ақ әр раунд бойынша кандидатқа уақыт шектеулігі қойылады.

Пікірсайыс 4 раундтан тұрады. Онда әр кандидатқа бірінші раунд бойынша 3 минут уақыт береді. Екінші раундта кандидатқа 2 сұрақ қойылады және жауап беруге 2 минуттан беріледі. Үшінші  раунд сайлаушылар сұрағы. Онда әр үміткерге 1 сұрақтан қойылады. Төртінші раунд сайлаушыларға үндеу жариялау үшін қабылданды. Онда  әр кандидат 2 минут ішінде сайлаушыларға өз үндеуін жолдайды,-деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы