Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

26 Тамыз 2024, 02:40
418
Бөлісу:
Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: baq.kz

Telegram мессенжерінің ресми аккаунты компанияның негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Telegram Еуропа Одағының заңдарын, соның ішінде Цифрлық қызметтер туралы заңды қатаң сақтайды – оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram басшысы Павел Дуровтың елден жасыратын ештеңесі жоқ және ол Еуропада жиі саяхаттайды. Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу – абсурд, - делінген ресми парақшада.

Компания мәліметінше, дүние жүзінде миллиардқа жуық қолданушы Telegram-ды байланыс құралы және өмірлік маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады.

Біз бұл жағдайдың тезірек шешілуін күтеміз. Telegram өздеріңізбен бірге, - дейді компания.

Франция прокуратурасы бұл іс жайлы 26 тамыз, дүйсенбі күні жан-жақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров кеше Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталған.

Өзгелердің жаңалығы