Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Телефон үшін өмірін қауіпке тіккен студент тау басынан екінші рет құтқарылды

30 Сәуір 2025, 12:25
1423
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Телефон үшін шыңға қайта шыққан студент тау басынан екінші рет құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі eastidahonews.com-ға сілтеме жасап.

Жапонияда бір апта ішінде бір адам Фудзи тауының баурайынан екі рет құтқарылды. Қытайлық студент алғашында өзін жайсыз сезініп, құтқару қызметіне жүгінген, ал бірнеше күннен кейін телефоны мен жеке заттарын алу үшін сол жерге қайта оралып, тағы да көмекке мұқтаж болды.

Шизуока префектурасының полициясы хабарлағандай, 27 жастағы ер адам сейсенбі күні теңіз деңгейінен 3 776 метр биіктіктегі шыңға шыққаннан кейін биіктікке бейімделе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Сенбі күні ол тағы да тауға көтеріліп, 3 000 метр биіктікте өзін нашар сезініп, екінші рет құтқарылды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Фудзи тауына шығудағы жан-жақты қауіпсіздік шараларын белсенді түрде насихаттай отырып, әлемдік қазына болып саналатын Фудзи тауын болашақ ұрпаққа аманаттап тапсырамыз, - деді өткен жылы Яманаши префектурасының губернаторы Коутаро Нагасаки.

Айта кетейік, бұл оқиға Фудзи тауындағы ресми альпинизм маусымынан тыс уақытта болған. Маусым тек 10 шілдеден 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңнен тыс уақытта барлық соқпақтар жабық. Жол белгілері мен медициналық бекеттер де маусым ашылғанша алынып тасталады.

Тауға келушілер санының артуы мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Шизуока мен Яманаши префектуралары 2025 жылғы маусымнан бастап жаңа ережелер енгізбек. Енді Фудзи тауына шығу үшін әр адам 4 000 иен (шамамен $28) көлемінде ақы төлеп, алдын ала онлайн бронь жасауы тиіс. Күн сайын тауға шығуға тек 4 000 адамға ғана рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, альпинистер қысқа қауіпсіздік сабағынан өтіп, ережелерді түсінгенін растайтын тест тапсыруы керек болады. Тауда 14:00 мен 03:00 аралығында тауда түнемейтіндер үшін қозғалысқа тыйым салынады.

Мамандар Фудзи тауына шығуды жоспарлаушыларға дайындықты мұқият жасап, маусымдық ережелерді сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы