Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Телефон қолданған": Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты

Нұрқанат Атажан
11 Тамыз 2025, 16:25
5395
Бөлісу:
 gov.kz
VIDEO
Фото: gov.kz

Алматыда қоғамдық автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, ол күш қолданумен және көліктің тоқтауымен аяқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Видеода жас жігіттің автобус жүргізушісіне ескерту жасағаны көрінеді. Жүргізуші көлікті басқарып келе жатып, ұялы телефонға алаңдаған. Қателігін мойындаудың орнына жүргізуші сөзге келіп, жолаушының телефонын тартып алмақ болды, кейін автобусты тоқтатып, одан салоннан шығуды талап етті.

Жолаушы шығудан бас тартты, бірақ жүргізуші де алған бетінен қайтпай, оны түсіріп тастағанша автобусты жүргізбей қойды.

Алматы қалалық Полиция департаменті екі тараптың да жеке тұлғалары анықталғанын растады.

Аталған факт бойынша Алматы ДП жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Жүргізушінің әрекеттеріне заң талаптарына сәйкес түбегейлі құқықтық баға беріледі, – деді полицияда.

Өзгелердің жаңалығы