Астанада полиция атынан хабарласқан алаяқтар жасы үлкен адамды алдап, оның 7,5 млн теңгеден астам ақшасын қолды қылған. Полиция қызметкерлері алаяқтардың курьерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер анықтағандай, 78 жастағы зейнеткерге "полиция тергеушісі" болып жалған нөмірінен белгісіз адам қоңырау шалған. Ол зейнеткерлердің немересі мен келіні жол-көлік оқиғасына кінәлі болғанын хабарлаған. Ал мәселені шешіп, жақындарын жауапкершіліктен аман алып қалу үшін алаяқ өз көмегін ұсынып, 15 млн теңге талап еткен.
Бұл ақпаратқа сенген зейнеткер ода шамамен 15 мың АҚШ доллары ғана бар екенін айтқан. Психологиялық қысым мен жәбірленушінің ақшаны беруге келісімінен кейін алаяқтар оған курьер жіберді. Әдеттегі схема бойынша қылмыскерлер топта әрекет кеткен.
Осыдан кейін Криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы курьерді ұстады. Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, егде жастағы әйелден 7,5 млн теңгеден астам ақшасын алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Полиция ұсталған адамның басқа алаяқтық жағдайларға қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.
Полиция қызметкерлері азаматтарды ешқашан телефон талаптары бойынша ақша бермеуге немесе аудармауға, сондай-ақ алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.