Текеліде 4 мың оқушы демалады

24 Маусым 2024, 19:13
378
Бөлісу:
Текеліде 4 мың оқушы демалады
Фото: автордан

Кенді шаһарда «Алтын Чажа» және «Жетісу» жазғы сауықтыру лагерлері ашылды. Қала ішінде 3355 бала тынықса, қала аумағында 300-ден астам оқушы демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін оқушылардың жазғы демалысты тиімді өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте моноқалада лагерьлер ашылып, оқушылар мәре-сәре болды. Демалушыларға арналған мерекелік дастарқан жайылып, балмұздақ таратылды. Лагерь алаңқайында «Сәлем, Алтын Чажа – 2024» атты асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балалар шығармасы көпке танылды.

Әрбір оқушының жазғы демалысы сәтті өтуін біз бақылап отырмыз. Лагерде балаларға жайлы жағдай жасалған. Күнде телефонға телмірмей, осындай орындарды рухани әңгіме айтып, мамандардың ақыл-кеңесіне қанығады. Ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпақтың саламатты өмір сүруі қажет. Алдағы оқу жылына дейін өрендердің ой сергітіп, бой жазуларына көп мүмкіндік қарастырылған. Оқушылардың жазғы демалысы жақсы өтуіне тілектеспін, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.

Ашылу салтанатында жас өрендер спорттық ойындар ойнап, өзара бәсекеге түсті. Кіл мықтылар марапатталып, сый-сияпаттар тарту етілді. Ең бастысы, ел болашағы жеткіншектердің көңілдері көтеріліп, қуанышы еселенді. Салтанатты ісшарада мектеп директорлары да жастарға лала лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Ұстаздар балалардың тату-тәтті жүргені, олардың ойнап-күлгені бейбіт елдің көрінісі екенін тілге тиек етті.

Ал «Жетісу» жазғы лагерінің шымылдығы да ән-жырмен, әсем бимен түрілді. Балаларға арналған демалыс лагерінің есігін алғашқы болып Талдықорған қаласының оқушылары ашты. Аталған демалыс айлағында демалушылар үшін барлық жағдай жасалынған.

Өзгелердің жаңалығы