Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Текелі қаласында жер асты дүмпуі тіркелді

15 Қараша 2023, 22:15
918
Бөлісу:
 baq.kz
Фото: baq.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:17 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9.

MPV магнитудасы — 5.2.

Жер сілкінісінің координаттары — 44,69° c.e. 80,42° ш. б.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Зілзаланың күші Жетісу облысының Текелі қаласында 2 балл көлемінде сезілген, - деп хабарлады стансадан.

Өзгелердің жаңалығы