Текелі қаласына жақын маңда жер сілкінді

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәліметінше, Текеліден оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

 istockphoto.com Кеше 2026, 19:36
Кеше 2026, 19:36
157
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2026 жылғы 4 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:40-та (Гринвич бойынша 07:40-та) тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағының координаттары: солтүстік ендіктің 44,78 градусы, шығыс бойлықтың 79,66 градусы. Магнитудасы mb=3.7, энергетикалық класы K=8.6 болды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде  жер сілкінісі сезілгені туралы жаздық.

Наверх