Техас штатында 113 миллион жыл бұрынғы динозаврлардың іздері табылды

30 Тамыз 2022, 17:48
999
Бөлісу:
Техас штатында 113 миллион жыл бұрынғы динозаврлардың іздері табылды

Техас штатындағы «Динозавр алқабы» саябағында Пелюкси өзенінің кеуіп кетуі салдарынан рекордтық құрғақшылық орнаған. 

Нәтижесінде 113 миллион жыл бұрынғы ежелгі динозаврлардың жаңа іздері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Палеонтологтардың айтуынша, табылған іздердің көпшілігі шамамен 7 тонна және биіктігі 4,5 м-ге жететін жыртқыш акрокантозаврға тиесілі.

Ал басқа іздерді завропосейдон қалдырған. Бұл мойны ұзын әрі ірі динозавр – салмағы шамамен 44 тонна, биіктігі 18 м-ге дейін жетеді.

Бұл туралы NBS News хабарлады.

Мамандардың айтуынша, табылған динозавр түрі жол бойымен 100 футтай жүріп өтіп, 140-қа жуық із қалдырған.

Өзгелердің жаңалығы