Тегін оқыту: Әйелдер бір-бірін қолдайтын орта болуы маңызды

9 Ақпан 2024, 15:40
714
Бөлісу:
Тегін оқыту: Әйелдер бір-бірін қолдайтын орта болуы маңызды
Фото: ОКҚ

Былтыр IT-Aiel бағдарламасы алғаш рет жүзеге асқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл бағдарлама жаңаша форматта жалғасып жатыр.

Жоба 1000-нан аса әйелдің IT саласына кіруінің бастапқы нүктесі болды. Биыл біз ол жобаны жаңаша жаңғыртып, жалғастырамыз деп шештік. Өйткені былтыр бізге жас студент қыздар да, ұзақ уақыт декретте отырған әйелдер де өтінім берді. Ол – екітүрлі аудитория. Сондықтан жобаны Tech girls және Techno aiel деп екіге бөлдік, - деп түсіндірді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Алина Әбдірахманова.

Тегін оқыту: Әйелдер бір-бірін қолдайтын орта болуы маңызды

Оның айтуынша, нәзік жандыларға арналған бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – әйелдер бір-бірін қолдайтын орта қалыптастыру.

Мұндай жобалардың басты мақсаты – тек IT дағдыларды үйрету, қашықтан жұмыс істеуге қолайлы қосымша немесе негізгі табыс көзін табу ғана емес, сондай-ақ кәсіби қауымдастық құру. Былтырғы IT-Aiel тәжірибесі бізге әйелдер бір-бірін қолдайтын, бизнес идеялармен алмасатын, тәжірибесімен бөлісетін орта қалыптастыруы өте маңызды екенін көрсетті, - деді Әбдірахманова.

Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін осы сілтеме бойынша қабылданады.

Осыған дейін біз қыздарға IT-мамандықтарды тегін үйрететін бағдарлама басталғаны туралы жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы