Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеран маңында украиналық лайнер апатқа ұшыраған жерге жедел жәрдем кетті. Бұл туралы Иран Авиация министрлігінің өкілі Джаафар Заде РИА Новостиге хабарлады.
Укрианалық ұшақтың апаты туралы хабарлама келген соң жедел жәрдем экипажы ұшақ құлаған жерге жіберілді, - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, бортта 167 жолаушы болған.
Бұған дейін Tasnim Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақтың бортында 180 жолаушы болған деп хабарлаған.
Кейін ұшақ апатының видеосы жарияланды.
Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды.