Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Тбилисидегі Грузияның Парламент ғимаратының алдына жиналған митингке қатысушыларды тарату үшін суатқыштар, көзді жасаурататын газ және рәзіңке оқтар қолданды. Үкіметтің бүгінгі құрамын отставкаға кетуін талап еткен халық Парламент ауласына кірмекші болған.
Жалпы, грузин Парламенті ғимаратының алдына 10 мыңға жуық адам жиналған. Қарсылық шаралары күні бойы жалғасып отырды. Митингке шыққандар мен полицийлер арасында қақтығыстар орын алды.
Бүгінде зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда, митингке шыққандардың көбі оларды тарату үшін қолданылған рәзіңке оқтардан жарақаттанған.
Бұл қарсылық акцияларына Тбилисидегі Православ парламетаралық ассамблеясының отырысында Ресей думасының депутаты Сергей Гавриловтың грузин парламенті спикерінің орнында отырып сөйлеуі негіз болған. Ол православ елдерден келген ассамблея делегаттарына орысша сөйлеп, өз үндеуін жариялаған. Өз кезегінде, бұл елдегі ресейлік құрамның болуына қарсы халықтың ашуына тиген.
Бүгінде халықтың бұл пікірімен ағымдағы үкімет құрамының мүшелері де келісіп отыр.
«Басқыншы мемлекеттің Грузияның басты заң шығарушы органының трибунасынан көру өте ауыр. Бұл факт біздің егемендік туралы идеямызға, грузин парламентариіне нұқсан келтіреді. Мен грузин қоғамының қарсылық танытуымен толық келісемін. Сондықтан ұйымдастырушылардан тез арада жауап берулерін сұраймын!" – делінген Грузия премьер-министрі Мамуки Бахтадзенің мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, мемлекетті басқарып отырған "Грузин арманы" партиясы жауапкершіліктен қашпайды.
"Ертең бұл процесті жалғастырамыз, жасаған қателіктері осындай дағдарыстың орын алуына түрткі болған біздің командамыздың мүшелерін сұраққа аламыз, біз жауапкершіліктен қашпаймыз ", - деді Бахтадзе.
Сонымен қатар, ол Тбилисидегі Парламент ғимаратының алдында тәртіпсіздікті ұйымдастырып жүргендер де жауапқа тартылатынына уәде берді.