Тбилисиде халық тағы митингке шықты

25 Мамыр 2024, 03:20
628
Бөлісу:
Тбилисиде халық тағы митингке шықты
Фото: видеодан кадр

Грузияның бірнеше мыңдаған азаматы шетелдік агент туралы заңға қарсылықтарын білдіріп, акция барысында ұсталғандарды қолдау үшін митингке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"РИА Новости" таратқан мәліметке сәйкес, ел парламенті қарсылықтарға қарамастан осы сейсенбіде «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңды үшінші – соңғы оқылымда қабылдаған.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили шетелдік агенттер туралы заңға вето қойды. Президенттік ветоны еңсеру үшін парламентке қарапайым дауыс басымдығы қажет.

Бұған дейін Financial Times газеті Еуропалық одақ бірқатар мемлекеті Грузия билігіне санкциялық қысым шараларын ойластырып жатыр деп жазған еді. Оның қатарында шетелдік агенттер туралы заңға қатысты визасыз режимді тоқтату бар.

Өзгелердің жаңалығы