Тәжин «Болашақ» стипендиясын тағайындау жөнінде комиссия отырысын өткізді

28 Тамыз 2019, 10:00
1714
Бөлісу:
Тәжин «Болашақ» стипендиясын тағайындау жөнінде комиссия отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша магистратура және докторантура бағдарламаларымен әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқуы үшін 188 жас қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды.
Өзгелердің жаңалығы