Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телерадио хабарларын тарату комитеті төрағасының орынбасары Ализода Сухроб ІІ Орталық Азия медиа форумында қазіргі тұрақсыз әлемдегі БАҚ-тың рөлі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тәжістанның БАҚ саласындағы тәжірибесі жайлы айтты. Сөзінше, Тәжікстанның радио және телеарна ұйымдары көптеген елдермен ынтымақтастық орнатқан.
Қазіргі заманауи коммуникацияларға сәйкес, ақпараттық коммуникацияны дамыта отырып, олар аумақтың дамуына әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар аумақта қауіпсіздікті орнатуда ақпараттық даму мен медианың зор әсер етеді. Осындай жағдайда медианың сенімді дамуы маңызды. БАҚ-тың рөлі коммуникацияны және ақпаратты қолжетімді жасауы маңызды рөл атқарады, - деді Ализода Сухроб.
Оның айтуынша, қазір әлемдегі тұрақсыз жағдайларға байланысты көптеген жалған ақпарат кең таралып бара жатыр. БАҚ өз жұмысын және жаңа тәсілдерді дамытуға атсалысуы керек.
Орталық Азияда көшбасшыларымыздың ынтымақтастығы өте маңызды. Ол бір-бірін сыйлау, конструктивті және тиімді ынтымақтастықтың аясында жүруі керек, - деп есептейді сарапшы.
Ализода Сухроб Душанбеде халықаралық конференция өтетінін атап өтті. Сөзінше, жиын медиа саласына қатысты да мәселелер көтерілмек.