Тәжікстан гендерлік теңдікпен қалай күреседі

4 Желтоқсан 2023, 16:31
619
Бөлісу:
Тәжікстан гендерлік теңдікпен қалай күреседі
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әйелдер және отбасы істері комитетінің төрағасы Хилолби Курбонзода Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы конференциясында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Тәжікстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша Парламент жанында Парламентші әйелдер альянсы құрылған. Парламентші әйелдер альянсы гендерлік теңдік мәселелері төңірегінде іс-шаралар өткізіп тұрады.

Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, кәмелетке толмағандарға байланысты әртүрлі қылмыстардың алдын алу бойынша өзгерістер мен толықтыруларға биыл президент қол қойған болатын, - деді Хилолби Курбонзода.

Тәжікстандық сарапшы Үкімет жанындағы әйелдер және отбасы істері комитеті мемлекеттік орган болғандықтан осы жұмысты ары қарай да жүргізе беретінін атап өтті.

Тәжікстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұлттық стратегиясын орындау мақсатында Президент жанында арнайы кеңес бар. Онда 14 ведомствоаралық топ және гендерлік мәселелер бойынша 12 топ жұмыс істейді. Отбасы мүшелері арасындағы мәселелерді Үкімет жанындағы әйелдер және отбасы істері комитеті қарастырып жатыр. Сонымен бірге коммуникациялық стратегиялар әзірленген болатын. Онда гендерлік таптаурындарды өзгерту, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік жағымсыз, жат қылықтарға қарсы тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп айтты Хилолби Курбонзода.

Тәжікстандық сарапшы елінде гендерлік теңдікке қол жеткізуге қатысты іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.

Ол Қазақстанға диалогқа жемісті төрағалық еткенімен және Қырғызстанға алдағы төрағалық жылына табыс тіледі.

Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтіп жатқанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы