Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сомон Эйр» әуе компаниясы Душанбе-Алматы әуерейсін қайта іс қосты, деп жазды centralasia.media.
Ұшақ аптасына бір рет – сәрсенбі күні ұшатын болды. Жолаушылардан мерзімі 3 тәуіліктен аспайтын ПТР анықтамасы талап етіледі.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылардың ұшу мерзімі аралығында медициналық маска мен қолғапты шешпеулері қатаң қадағаланады. Дене қызуы және тұмау сипмтомдары бар азаматтардың ұшуына рұқсат етілмейді.
Алматыға қону кезінде жолаушыда ПТР анықтамасы болмаса немесе уақыты өтіп кетсе соған байланысты орын алған жағдайдың шығы жолаушы есебінен өтеледі.
Душанбеге ұшып келуге ниетті шетел азаматтарынан Тәжікстан Республикасының уәкілеті органынан ел аумағына кіруге берілген рұқсат қағазы талап етіледі. Қазақстан, Біріккен Араб әмірліктері мен Түркия, Өзбекстан азаматтарына рұқсат қазағын алу міндеттелмейді.