500-ден астам елордалық #TazaQazaqstan акциясына қатысады

18 Шілде 2019, 15:16
1602
Бөлісу:
500-ден астам елордалық #TazaQazaqstan акциясына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге 20 шілдеде Нұр-Сұлтанға жақын маңдағы Қоянды су қоймасының жағасын тазарту жұмыстарына қатысады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты жазды.

Мәліметтерге сүйенсек, 500-ден аса адам сенбілікке қатысатынын хабарлады. 

Олардың арасында ҮЕҰ, түрлі қоғамдық бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, сондай-ақ Қазақстанның үкімет мүшелері де бар. 

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде #Birge #TazaQazaqstan акциясы басталғанын жариялап, барлық азаматтарды, қоғамдық бірлестік өкілдерін, министрлер кабинеті мүшелерін сенбілікке шақырған болатын. 

"Қатысам деушілерді 20 шілде күні, сағат 8:00-де, Триатлон паркте күтеміз. Триатлон-парктің автотұрағынан (кіру Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысы жақтан) экологиялық сенбілік өткізілетін жерге автобус шығарылады", - делінген хабарламада.

Жұмысқа қажетті барлық құрал сенбілік басында үлестіріледі.


Өзгелердің жаңалығы