Таза Қазақстан: Тараздықтар "Денсаулық" саябағын қоқыстан тазартты

23 Наурыз 2025, 14:00
696
Бөлісу:
Таза Қазақстан: Тараздықтар "Денсаулық" саябағын қоқыстан тазартты

Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық жастар ресурстық орталығының және “Жасыл ел” еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, "Денсаулық" саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.

Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың м2 гүлзарлар мен 5,7 мың м2 көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы