Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Таза Қазақстан": Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

26 Мамыр 2025, 10:43
574
Бөлісу:
 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы кезекті тазалық іс-шаралары өтті. Қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылған іс-шараларға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, еріктілер мен жастар белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып "Шымкент – жасыл қала" атты акция өткізді. Акция аясында Бадам өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылып, ағаштар бұталып, түптері әктелді.

"Таза Қазақстан": Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

Шымкент жастары қаланың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялауға ерекше назар аударып, "Таза Қазақстан" бағдарламасына лайықты үлес қосып келеді. Бүгінгі Бадам өзенінің бойында өткізіліп жатқан ауқымды тазалық акциясы – сөзіміздің айғағы. Бұл жастар арасында экологиялық мәдениеттің нық орнығып келе жатқанын көрсетеді, - деді жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Аружан Әлжан.

"Таза Қазақстан": Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауы күл-қоқыстан тазартылды

Айта кетейік, Қайтпас-1, Асар-2, Теріскей және 4-ші шағын аудан мен Қаратөбе тас жолының бойында да "Таза аула" атты тазалық акциялары ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы