«Таза Қазақстан». Павлодарлықтар 40 тоннадан астам қоқыс шығарды

20 Маусым 2024, 17:45
388
Бөлісу:
«Таза Қазақстан». Павлодарлықтар 40 тоннадан астам қоқыс шығарды
Фото: автордан

Ертіс өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Белсенділер үш апта ішінде 40 тоннадан астам қоқыс жинап, полигондарға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Бүгін белсенділер тазалық шарасын Усолка шағын ауданындағы Ертіс өзенінің бойында ұйымдастырды. Жастар санаулы уақыттың ішінде бірнеше тонна тұрмыстық қоқыс жинап үлгерді.

AMANAT партиясы облыстық филиалының өкілі Александр Логвиннің айтуынша, республикалық тазалық акциясы өңірдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатыр.

«Таза Қазақстан». Павлодарлықтар 40 тоннадан астам қоқыс шығарды

Облыс тұрғындары Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қуана қабылдап жатыр. Акция үш апта бойы үздіксіз өткізілуде. Ардагерлер, жас буын өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, табиғат жанашырлары мен қарапайым азаматтар бірігіп, қоғамдық орындар мен өзен жағажайын қоқыстан тазартып жатыр. Біздің мақсатымыз аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартумен шектелмейді. Маңызды міндеттеріміздің қатарында облыс тұрғындары арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру, экологиялық демалыс өткізуге баулу да жатады. Өкінішке қарай, қала тұрғындары арасында табиғатты аялау керектігін түсінбейтіндер табылып жатыр. Біз осы әрекетіміз арқылы баршаға, әсіресе, өскелең ұрпаққа үлгі болғымыз келеді, - дейді Александр Логвин.

«Таза Қазақстан». Павлодарлықтар 40 тоннадан астам қоқыс шығарды

Бұған дейін экобелсенділер облыс орталығының шағын аудардарында тазалық шараларын өткізген. Енді адамдар жиі дем алатын табиғат аясындағы орындарды тазалауға шығып жатыр. Бүгінгі таңда экологиялық шараға жастар бастамаларын дамыту орталығының мүшелері мен спорттық ұйым мүшелері қолдау көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы