Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таза Қазақстан: Елордада жастар коммуналдық қызметкерлерге алғыс білдірді

9 Желтоқсан 2024, 20:32
3585
Бөлісу:

Елордада қардың мол жаууына байланысты күндіз-түні жұмыс істеп жүрген коммуналдық қызметкерлерге арнап "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында мейірімділік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жолдар мен тротуарларды қардан уақтылы тазартуды қамтамасыз етуде. Олардың тынымсыз еңбегін қолдау мақсатында кезекті игі шара ұйымдастырылды. Нұра ауданында коммуналдық қызметкерлерге қолайсыз ауа райында дем беру үшін ыстық тамақ пен тәтті шай таратылды.

Бұл кішігірім, бірақ қамқорлық белгісі қала игілігі үшін күнделікті еңбек ететін адамдарды қолдауға бағытталған акциялардың ортақ дәстүріне айналды.

Біздің жұмысымыз, әсіресе қарлы күндері, оңай емес. Бірақ жұрттың қолдауы мен қамқорлығы қуантатыны сөзсіз, – деп бөлісті "Астана Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің бірі.

Өзгелердің жаңалығы