Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Таза Қазақстан": Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді

15 Қаңтар 2025, 21:17
690
Бөлісу:
 Елорда әкімдігі
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 15 қаңтардан бастап, 15 ақпанға дейін Есіл өзенінің жағалауында "Таза Қазақстан" акциясы аясында QAR FEST аққалалар байқауы өтеді,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысу шарттары мынандай:

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясының тақырыбына сәйкес келетін ерекше аққала жасаңыз.

Өз жұмысыңызды суретке түсіріңіз.

Суретті 15 ақпанға дейін Instagram парақшаңызға жариялап, #ТазаҚазақстан және #QarFestSaryarqa хэштегтерін қосыңыз. Сондай-ақ @saryarqa.audany парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз.

Аққалаларды Есіл өзенінің жағалауында, мұз айдынының жанында жасауға болады.

Ең үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

QAR FEST – шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетудің, экологиялық бастамаларды қолдаудың және елордаға ерекше қысқы көңіл күй сыйлаудың тамаша мүмкіндігі.

Өзгелердің жаңалығы