"Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі” ауқымды экоакция аясында "Jetisu" саябағында алғашқы "Jasyl Fest" экологиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараны Астана әкімдігінің қолдауымен StopMusor әлеуметтік жобасы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.
Қатысушылар үшін қарапайым мысалдар күнделікті өмірде ең жеңіл экологиялық әдеттерді қалай енгізуге болатындығын көрсетті.
Қатысушылар үшін бірқатар экологиялық белсенділік көрсетілді. Атап айтқанда, дармарка – бұл жақсы және таза киімдерді, кітаптар мен балалар ойыншықтарын қабылдаудан тұратын тегін сыйлық жәрмеңкесі.
Жақын жерде тиісті таңбалары бар қайта өңделетін заттарды қабылдау (макулатура, картон, сусындарға арналған пластикалық бөтелкелер; тұрмыстық химияға, сусабындарға, душқа арналған гельдерге жасалған пластикалық ыдыстар; пластик, алюминий банкалар) орналасқан. Мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, батареялар, шамдар, тіс щеткалары кіретін қауіпті қалдықтарды жоюға арналған орын да бар.
Қайта өңдеуге New Wave еріктілер қозғалысының белсенділері көмектеседі.
Фестиваль Adamdar/CA командасының "Шығыс: жер, су, ауа" деректі фильмінің көрсетілімімен қорытындыланды. Онда Шығыс Қазақстан облысының суы мен ауасының жай-күйі бойынша негізгі мәселелер сипатталған.
Айта кету керек, StopMusor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
Жоба аясында арнайы сайт әзірленіп, іске қосылды stopmusor.kz, Instagram және Facebook-те әлеуметтік желілерде аккаунттар құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Таза Қазақстан" ауқымды экоакциясы жалғасуда, оның шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ жасыл-желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілуде.