Таза Қазақстан. Астанада 17 мыңнан аса бұзушылық анықталған

2 Шілде 2024, 16:06
275
Бөлісу:
Таза Қазақстан. Астанада 17 мыңнан аса бұзушылық анықталған

"Таза Қазақстан" акциясы аясында 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптіңүлгісі " акциясы аясында Астана қаласының полициядепартаменті қоршаған ортаныабаттандыру, жалпы пайдалануорындарын ластау ережелерінбұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде.

Атап айтқанда акция басталғалы полицейлер 17 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 7007, қоғамдық орындарды ластау – 3695, жолдың жүру бөлігін ластау – 533, сусымалы жүктерді қалқасыз тасымалдау, оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 5780 болған.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру.

Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізілуде, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері қоқыс түсірген 144 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қосылуға шақырады. Белгісіз орындарға қоқыс төгу, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу 102 арнаға хабарлаңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы