Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүгіру жарысы ұйымдастырылады

19 Тамыз 2025, 16:01
555
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астанада 24 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясын өткізуге арналған «ALMATY RUN» жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорттық іс-шара «Триатлон парк» аумағында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттайтын және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптейтін елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады, тіркеу сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін өтеді, ал 09:00-де ресми бастау беріледі.

Қатысушылар үшін 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар дайындалған. Жүгіру барысында көлік қозғалысы тоқтатылмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дәріптеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және маңызды мемлекеттік мерекелер мен құндылықтарға назар аударту.

Іс-шара соңында әрбір қатысушыға естелік медаль табысталып, велосипедтер ұтысы ойнатылады.

Өзгелердің жаңалығы