Тайвань жағалауында 5,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуаға сілтеме жасап.
Жексенбі күні таңғы сағат 3:47-де Тайваньның оңтүстігіндегі Пинтунг округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы (CENC).
CENC мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 22,03 градус және шығыс бойлық 121,49 градус координаттары бар нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 шақырым тереңдікте.