Тайваньда қуаттылығы 5,6 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық ортағының мамандары мәлімдеді.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған. Сондай-ақ жер сілкінісі 350 мыңдай халқы бар Хуалянь қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 26 шақырымда орналасқаны айтылды.
Цунами қаупі, бүлінулер мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Тайваньда бұған дейін де 6 балдық жер сілкінген еді. Эпиошақ ол кезде де Хуалянь қаласының маңында болған.