Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таяу Шығыстан 3 мыңнан астам қазақстандық елге орала алмай отыр

23 Маусым 2025, 15:22
654
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, сыртқы саяси ведомство Иран мен Израильден азаматтарды эвакуациялау бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатыр.

Қазіргі таңда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қырғызстан азаматтарын эвакуациялау бойынша біз Ираннан 230 адамды, Израильден 66 адамды эвакуацияладық. Бұл процесс өте күрделі болды, оңайға соқпады, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі СІМ-де өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар аталған елдерде әлі де қазақстандықтардың барын алға тартты.

Қазіргі кезде Израиль мен Мысыр сынды елдерде үш мыңнан астам азамат қалуда. Ал Ирандағы азаматтарымыз елден Әзірбайжан, Түрікменстан және Армения арқылы шығып жатыр. Бұл процестердің барлығы біздің елшіліктердің үйлестіруімен жүзеге асырылуда. Украинадағы тәжірибені қолданып, бірнеше күн ішінде тиімді әрекет етуге қол жеткіздік, - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ әлі де хабарласпаған азаматтарға қатысты тоқталды.

Дегенмен, әлі күнге дейін бізге алғашында хабарласпаған азаматтар бар. Қазіргі уақытта біз арнайы ұшақ жібере алмаймыз, бірақ өзге балама жолдар арқылы көмектесіп жатырмыз. Сол себепті, Иран мен Израильде жүрген азаматтарымыз елшіліктерге жедел түрде хабарласып, өздерінің жағдайы туралы ақпарат берсе екен дейміз. Қажет болса, елде қалатынын немесе елден шығуға көмек қажет екенін хабарлау маңызды, - деді СІМ ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы