Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таяу Шығыстағы жағдай ел экономикасына қалай әсер етеді

Әсел ӘБІЛБЕК
19 Маусым 2025, 13:46
730
Бөлісу:
 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Меніңше, ең басты факторлардың бірі – ол, әрине, мұнай және мұнайдың бағасы. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырсыздар, мұнай бағасы осы шиеленіс салдарынан өсіп жатыр. Brent-тің бағасы барреліне 76-77 доллар маңайында. Сондықтан біз мұнай экспорттаушы ел болғандықтан, бюджетімізге жалпы экспортымызға жақсы жағдай жасалуда. Бірақ та, ол құбылмалы. Сондықтан дәл осы сәтте экономикамызға жақсы. Соғыс - жаман құбылыс. Бірақ экономикамызды айтатын болсақ, әрине, қазіргі сәтте бізге оң әсер етуде, - деді ол.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұнайдың бағасы өскеннен кейін экспорт көлемі артады және Ұлттық қорға және бюджетке түсетін түсімдердің көлемі де артады.

Өзгелердің жаңалығы