Таяу Шығыстағы жағдай: Алтын бағасы күрт өсті

Сәуір айына арналған алтын фьючерсінің бағасы қымбаттаған.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 13:15
Бүгiн 2026, 13:15
176
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі ушығуы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты биржада алтын бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Oxu.Az мәліметінше, бұл сауда деректері мен сарапшылардың пікірінен белгілі болды.

Қазақстан уақытымен сағат 11:12-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айына арналған алтын фьючерсінің бағасы алдыңғы жабылу бағасымен салыстырғанда 45,7 долларға немесе 0,9%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 5 124,4 долларға жетті.

Ал мамыр айына арналған күміс фьючерсі 2,26%-ға қымбаттап, бір унциясы 84,035 долларға дейін көтерілді.

Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуі мүмкін деген қауіп инвесторлардың сұранысын арттырып отыр. Геосаяси тұрақсыздық күшейген сайын алтынға деген қызығушылық та өседі.

Наверх