Қазақстандықтар үшін Эр-Риядтан арнайы рейстер ұйымдастырылады

Елшілік мәліметінше, барлық азаматтармен байланыс орнатылған, саяхатшылар қонақ үйлерге орналастырылған.

 Sui Xiankai / XinHua / Global Look Press) Кеше 2026, 22:55
Кеше 2026, 22:55
185
Фото: Sui Xiankai / XinHua / Global Look Press)

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты қазақстандық азаматтарды елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Қақтығыс аймағында жүрген отандастарымыздың арасында зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қатар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиев қазіргі таңда бұл елде шамамен 2 мың қазақстандық тұрақты тұратынын мәлімдеді. Сонымен қатар 1,5 мыңға жуық азамат туристік мақсатта жүрген.

Елшілік мәліметінше, барлық азаматтармен байланыс орнатылған, саяхатшылар қонақ үйлерге орналастырылған. Жақын күндері оларды елге қайтару жоспарланып отыр.

Арман Исағалиевтің айтуынша, қазақстандықтарды эвакуациялау бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қатардың құрлық арқылы тек Сауд Арабиясымен шектесетінін ескерсек, эвакуация осы бағыт арқылы ұйымдастырылуда. Қазіргі уақытта Эр-Рияд қаласынан арнайы эвакуациялық рейстер әзірленіп жатыр.

Жауапты органдар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда.

Наверх