Таяу Шығыстағы қақтығыстан 57 бала қаза тапты

17 Мамыр 2021, 08:35
1405
Бөлісу:
Таяу Шығыстағы қақтығыстан 57 бала қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың салдарынан 57 бала қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Хамас пен ЦАХАЛ арасындағы ушыққан ұрыстан Газа секторында қайтыс болғандардың саны 188 адамға жетті, оның 55-і бала, ал Израиль тарапынан 10 азамат мерт болды, оның екеуі бала. 

Қақтығысқан тараптар бір-біріне жаудырған атыс-шабысты әлі де тоқтатар емес. Израиль армиясы өзінің твиттердегі парақшасында Газа аумағындағы Хамас қозғалысының нысандарына жойғыштармен соққы жасап жатқанын хабарлайды. 

Иерусалим мамырдың 10-ынан бастап Газа секторындағы 1,5 мың әскери нысанға әуеден соққы жасалғанын айтады. Газа аумағынан да 2 мыңнан астам зымыран ұшырылды.  Әлем елдері мен халықаралық қауымдастық болса екі жақты сабырға шақырып отыр. 

БҰҰ аймақтағы шиеленістің ушығуы халықтың өлімі мен инфрақұрылымның зақымдалуына әкеп соққанын айтып, екі жақты да бейбіт халықтың қиналуына жол бермеуге үндейді.

Өзгелердің жаңалығы