БҰҰ миссиясы дүниежүзілік ұйымның Бакудегі үйлестіру өкілдігі қолдауымен Таулы Қарабаққа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сапар Әзербайжанның өңірдегі қазіргі гуманитарлық қызметімен танысуға мүмкіндік береді. Делегация мүшелеріне инфрақұрылымды қалпына келтіру процестері, тәркіленген қару-жарақ пен снарядтар да көрсетіледі.
Әзербайжан БАҚ мәліметтері бойынша, миссия құрамына БҰҰ-ның әртүрлі агенттіктерінің өкілдері енген.
БҰҰ миссиясы соңғы рет шамамен 30 жыл бұрын Қарабаққа келген екен.,
Бір күн бұрын Әзербайжан Таулы Қарабақтың бұрынғы басшысын тұтқындады.