Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек

16 Маусым 2024, 23:52
513
Бөлісу:
Тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілінде тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ-нің ескертуіне сәйкес, таудағы қауіпсіздік ережелері:

  • Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
  • Сел қаупі бар жерлерден, әсіресе жаңбырдан кейін аулақ болыңыз.
  • Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
  • Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.
  • Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
  • 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
  • Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!
Өзгелердің жаңалығы