"Тәуелсіздіктің 34 жылдық тәжірибесі". Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде осындай ғылыми-семинар өтті. Республика күніне орайластырылған шараға инновациялық білім беру, педагогика және психология, сондай-ақ өзге факультеттердің студенттері мен оқытушылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семинарға қатысқан педагогика ғылымдарының кандидаттары, факультет магистранттары өз баяндамаларында өскелең ұрпаққа ұлттық, тарихи құндылықты дәріптеу, білім беру ұйымдарындағы мәселелер, кибер-жалғыздық, цифрлық тәуелділік пен эмоциялық тұрақсыздық тақырыптарын қаузады.
Ұлттық құндылықтар, тәрбие туралы, білім беру ұйымдарындағы жанжалдар, буллинг, кибер-жалғыздық, педагогтардың қажуы, инклюзиялық білім беру, цифрлыққа тәуелділік туралы бір күн емес, бір жыл айтарлықтай уақыт қажет екендігі белгілі. Тәуелсіздік алғанымызға 34 жыл ішінде ұлттық құндылықтар, тәрбие, ғылым мен біліміміз едәуір өзгеріске толы екендігі бүгінгі күн дәлел болды деп айта аламын, - дейді кафедра меңгерушісі PhD доктор Қарас Қазиев.
Басқосу кезінде қатысушылар тек тақырыптарды ғана талқыламау, түрлі сұрақтарға да жауап алды. Ғылыми семинардың қызықты болғаны сонша, тіпті шектелген уақыт та жетпей қалған.
Семинар соңында баяндамашыларға "Алғыс хат" табысталды. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ дегендей, тоқтамаймыз, дамимыз, ізденеміз, үздіксіз білім аламыз. Шараны осылай түйіндеген қатысушылар мұндай ғылыми-семинар жиі өтсе екен дейді.